Бүгін күн райы қалай болады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» синоптиктері 25 сәуір, сенбі күні ел өңірлерінде күн райына болжамын ұсынды.

Какой будет погода в мае в Костанайской области
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Синоптиктердің мәліметінше, Астана қаласында күн құбылмалы, бұлтты болады, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +24…+26°C болады.

Алматы қаласында күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C.

Шымкент қаласында жауын-шашын болмайды, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +11…+13°C, күндіз +27…+29°C.

Ақтау қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C.

Ақтөбе қаласында күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Температура түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C.

Атырау қаласында жаңбыр жауады, жел 9–14 м/с. Температура түнде +7…+9°C, күндіз +14…+16°C.

Жезқазған қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

Қарағанды қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде +5…+7°C, күндіз +23…+25°C.

Көкшетау қаласында жаңбыр жауады, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.

Қонаев қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде +9…+11°C, күндіз +23…+25°C.

Қостанай қаласында жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел 9–14 м/с. Температура түнде +4…+6°C, күндіз +14…+16°C.

Қызылорда қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C.

Павлодар қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде +8…+10°C, күндіз +26…+28°C.

Петропавл қаласында жаңбыр, найзағай, жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін. Температура түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.

Семей қаласында күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Температура түнде +5…+7°C, күндіз +21…+23°C.

Талдықорған қаласында жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Температура түнде +6…+8°C, күндіз +24…+26°C.

Тараз қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде +10…+12°C, күндіз +27…+29°C.

Түркістан қаласында жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +12…+14°C, күндіз +30…+32°C.

Орал қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +3…+5°C, күндіз +9…+11°C.

Өскемен қаласында жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Температура түнде +4…+6°C, күндіз +20…+22°C.

Бұған дейін алдағы демалыс күндері ел аумағында үсік жүруі мүмкін екені хабарланған болатын.

Осыған дейін алдағы үш күннің ауа райы болжамын жарияладық.

 

Соңғы жаңалықтар