Бүгін күн райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын солтүстіктен келген антициклон қалыптастырады, соның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы болады.
Синоптиктердің мәліметінше, тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында, шегініп бара жатқан циклонның ықпалымен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, ал түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.
Атырау облысында күндіз аптап ыстық — 35-39 градусқа дейін, Маңғыстау облысында — 38-40 градус, Батыс Қазақстан облысында — 35-38 градус, Ақтөбе облысының батысында — 36 градус ыстық болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы, орталығы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында өрт қаупі жоғары болады.
Түркістан, Алматы облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысында, Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысы, орталығы мен оңтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.