12:42, 23 Тамыз 2025 | GMT +5
Бүгін Оралда футзалдан Қазақстан суперкубогы өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футзалдан Қазақстан суперкубогы Орал қаласында өтеді

Футзалдан еліміздегі жаңа маусым Орал қаласында өтетін суперкубок матчымен ресми түрде басталады. Онда ел чемпионы алматылық «Қайрат» пен Қазақстан Кубогының иегері «Семей» командалары өзара мықтыны анықтайды.
Бұл кездесудің ерекшелігі футзал тарихында алғаш рет Суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында өткізіледі. Командалар жаңа әрі заманауи спорт кешенінде шеберлік байқасады.
Былтыр еліміздің суперкубогы финалында «Қайрат» «Семейді» 3:1 есебімен тізе бүктіріп, жеңімпаз атанған еді.
«Қайрат» бұған дейін өз тарихында 11 мәрте суперкубок алған. Алматылық клубтан кейін екі рет «Ақтөберентген» командасы иеленген. Тіпті «Тұлпардың» өзі бұл жүлдені бір-ақ рет жеңген.