12:07, 18 Тамыз 2025 | GMT +5
Бүгін Президент өңір басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының қабылдауына Ақмола облысының әкімі, одан кейін Қостанай облысының әкімі кіреді. Бұл туралы БОРТ №1 хабарлады.

Марат Ахметжанов пен Құмар Ақсақалов Президентке атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы есеп береді.

Айта кетелік Президент Бейбіт Исабаевқа жылыту маусымына дайындықты бақылауда ұстауды тапсырған еді.