Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде ірі жарыстар басталады
АСТАНА. KAZINFORM — 26–31 шілде аралығында елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде республикалық деңгейдегі бірқатар ірі велоспорт жарыстары өтеді. Бұл туралы Спорт комитеті хабарлады.

Атап айтқанда, келесі жарыстар жоспарланған:
-
VI Жастар спорттық ойындары,
-
13–14 жастағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты,
-
Ерлер мен әйелдер арасындағы омниум бағдарламасындағы ҚР Ұлттық чемпионаты.
Бүгінгі күнге дейін жарыстарға қатысуға еліміздің әр өңірінен 236 спортшы және 15 команда ресми түрде тіркелген.
- «Сарыарқа» велотрегі алдағы күндері еліміздің ең үздік жас велошабандоздарының жарыс алаңына айналады. Көрермендер үшін жарыстар ашық әрі тегін. Ұйымдастырушылар спорт сүйер қауымды қызықты әрі тартысты додаға қатысуға шақырады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Алматының басты көшелерінің бірінде жаңа веложол салынады.