07:29, 09 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды
9 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Петропавл қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.