Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Швеция мен Данияда шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2025 жылғы әлем чемпионаты жалауын көтереді.

Бүгін Швецияның Стокгольм қаласында А тобындағы ойындар басталады. Бұл топта Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франция және Словения шеберлік байқасады.
Аталған топта алғашқы турда бүгін қазақстандық уақытпен 19:20-да Швейцария мен Чехия, 23:15-те Швеция мен Словакия ойнайды.
Аталған екі ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ аталған топта Австрия мен Финляндия, Дания мен АҚШ мұзайдынға шығады.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды.
Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Бұл топта 10 мамырда Норвегия мен Қазақстан, Словения мен Дания, Германия мен Венгрия, Швеция мен Австрия ойнайды.
Әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін Канада - 28 Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.