Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 9 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда моншаларға қатысты экологиялық талаптар күшейтілмек.
Ал Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Шөптікөл ауылының тұрғындары ұзақ жылдан бері кеніштен саулаған көк түтіннің арасында өмір сүруге мәжбүр. Тозығы жеткен елді мекеннің әлеуметтік жағдайы да кері кеткен.