Бүгін Швецияда Саам парламентіне кезекті сайлау өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Швецияда жексенбі күні Саам парламентіне сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру құқығына ие 9755 адам қатыса алады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Швециядағы сайлау
Фото: Азертадж

Дауыс беру 21 сайлау учаскесінде – елдің солтүстігіндегі Каресуандо қаласынан бастап оңтүстіктегі Стокгольмге дейін өтіп жатыр. 2021 жылғы сайлауда «Саам аңшылары мен балықшылары» партиясы 37 пайыздан астам дауыс жинап, көш бастаған болатын. Сәуір айында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, бұл партия тағы да көшбасшы атануы мүмкін – сайлаушылардың төрттен бірінен көбі осы партияға дауыс беруге дайын.

2021 жылғы сайлауда «Саам аңшылары мен балықшылары» партиясы жеңіске жетіп, 37%-дан астам дауыс жинаған болатын. 2025 жылғы сәуірдегі сауалнамаға сәйкес, бұл партия биыл да көш бастап тұр – сайлаушылардың 40%-дан астамы дәл осы партияға дауыс беруге дайын.

Сайлаудың басты тақырыптарының бірі — саам қауымдастығына (sameby) кімнің жататыны туралы заңнамалық даулы мәселе. «Аңшылар мен балықшылар» партиясы мен негізгі оппозиция — Саам жерлестік партиясының бұл мәселеге қатысты ұстанымдары бір-біріне қарама-қайшы. Егер билік партиясы қайта жеңіске жетсе, оның жетекшісі Хокан Юнссон бұл заңды өзгертуді мақсат етіп отыр. Ол бұл дауды «Саам парламентін екіге бөлетін өткір мәселе» деп атады.

Саам парламенті – саам халқының мәдениеті мен құқықтарына қатысты мәселелерді шешетін сайланбалы орган және мемлекеттік мекеме. Оның құрамында 31 депутат бар, олар төрт жылда бір рет сайланады. Алғашқы сайлау 1993 жылы өткен.

Парламент сондай-ақ жер пайдалану, қала құрылысы, бұғы шаруашылығы, жабайы табиғатты қорғау, экология, климат және биологиялық әртүрлілік мәселелерімен де айналысады.

Дауыс санау бір аптадан кейін басталады. Қорытынды нәтижелер 28 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.

Бұдан бұрын Швецияда жоғары жұмыссыздық деңгейі тіркелгені анықталды.

Соңғы жаңалықтар