Бүгін тек екі қалада ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 20 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда 2027 жылы жаңа экологиялық талаптар күшіне енеді. Осы орайда алматылықтар білуі керек ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.