Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - 3 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады.

аспан
Фото: Pexels

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.