Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 21 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

аспан
Фото: Pexels

Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 21 сәуір, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Астана, Алматы, Қостанай қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар