06:18, 14 Ақпан 2025 | GMT +5
Бүгін төрт қалада ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

— 2025 жылдың 14 ақпанында Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін синоптиктер ауа райына байланысты 17 облыс пен 3 мегаполистің тұрғындарына ескертті.