Бүгін түнде Қарағанды облысында өрт болып, үш бала эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін түнде Қарағанды облысының Саран қаласында шаруашылық құрылыстан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар өрт кезінде 3 адамды эвакуациялап, өртеніп жатқан жерден үш газ баллонын шығарды. Өрт Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысынан шыққан, сондай-ақ дуал жанған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері үйден 3 баланы эвакуациялады.
«Өрт аймағынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды. Жалын 40 шаршы метр алаңды шарпыған, өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Кеше түнде Ақтау қаласының 29А шағын ауданында жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің аумағында дәнекерлеу аппараттарын сақтауға арналған бір қабатты ангар жанғанын хабарладық.