Бүгін түнде төрт облыста өрт болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағандының Кирпичная көшесінде орналасқан 4 қабатты ғимараттың екінші қабатындағы түнгі клубтың ас үй бөлмесінде ағаш қалқалар мен жиһаздар жанды.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін түнгі клубтың әкімшілігі адамдарды далаға шығарды. Өрт 80 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

өр
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ Ақмола облысының Астрахан ауданының Астрахан ауылындағы қонақ үйлердің бірінің қазандығының шатыры жанды.

Өрт 35 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Ал Қызылордада жанар-жағармай станциясынан өрт шықты. Саламатов көшесінде істемей тұрған жанар-жағармай станциясының ауласында жалпы ауданы 289 шаршы метр болатын шаруашылық құрылысы және мал азығы жанды.

Өрт салдарынан АЗС жанар-жағармай оператор бөлмесінің сыртқы қабырғасы зақымдалды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында ТЖМ қызметкерлері моншаның өртенуіне жол бермеді. Жарма ауданының Шар қаласында жеке тұрғын үй аумағында монша шатыры жанды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер 4 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Осыған дейін Жетісу облысында жылыту маусымы басталғалы 101 өрт тіркелгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар