Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жетінші туры басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жетінші туры басталады. 

футбол
Фото: Pixabay

Аталған турнирде биыл алғаш рет 36 команда бақ сынап жатыр. Дүбірлі доп додасында командалар жаңадан әзірленген нұсқа бойынша сайысқа түседі.

Алдымен 21 қаңтарда сағат 22.35-те Францияның «Монако» командасы өз алаңында Англияның «Астон Вилла» клубымен шеберлік байқасады. Артынша 00:50-де «Атлетико Мадрид» (Испания) gен «Байер» (Германия) жасыл алаңға шығады. Аталған ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 00:50-де басталатын «Бенфика» (Португалия) мен «Барселона» (Италия) кездесуін тікелей эфирде «Qazaqstan» теларнасынан тамашалауға болады.

Екінші турдың алғашқы ойын күні олардан басқа «Аталанта» (Италия) мен «Штурм» (Австрия), «Ливерпуль» (Англия) мен «Лилль» (Франция), «Болония» (Италия) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Брюгге» (Бельгия) мен «Ювентус» (Италия), «Црвена Звезда» (Бельгия) мен ПСВ (Нидерланд), «Слован Братислава» (Словакия) мен «Штутгарт» (Германия) ойнайды.

Екінші ойын күні, 22 қаңтарда 22.35-те «Лейпциг» (Германия) пен «Спортинг» (Португалия), 00:50-де «Пари Сен-Жермен» (Италия) мен «Манчестер Сити» (Англия) кездеседі. Аталған екі кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ «Реал Мадрид» (Испания) пен «Зальцбург» (Австрия) ойынын 00:50-де тікелей эфирде «Qazaqstan» телернасынан көруге болады. 

Одан бөлек «Шахтер Донецк» (Украина) мен «Брест» (Франция), «Арсенал» (Англия) мен «Динамо Загреб» (Хорватия), «Селтик» (Шотландия) пен «Янг Бойз» (Швейцария), «Милан» (Италия) мен «Жирона» (Испания), «Фейеноорд» (Нидерланд) пен «Бавария» (Германия) ойнайды. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Манчестер Сити» турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды.

Соңғы жаңалықтар