Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Өзбекстанға барады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу үшін Премьер-Министр Олжас Бектенов бүгін Өзбекстан астанасына сапармен келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Өзбекстанға барады
Фото: ҚР Үкіметі

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлім етті.

— Бүгін ел астанасында Ташкент халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Іс-шараға 3 мыңнан аса шетелдік мәртебелі мейман қатысады. Олардың қатарында Болгария президенті Румен Радев, Словакия премьер-министрі Роберт Фицо, Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов бар, — деді Шерзод Асадов.

Сонымен қатар ауқымды іс-шарға өзге де Орталық Азия елдерінің премьер-министрлері, инвесторлар және халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары қатысады. Форумға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев төрағалық етеді.

— Форумда мемлекет басшысы қазіргі жаһандық сын-қатерлердің әлемдік экономикаға әсерін ескере отырып, ынтымақтастықтың негізгі бағытын айқындайтын бастамалар көтереді, — деп мәлім етті Шерзод Асадов.

Еске салайық, биыл Орталық Азия мен Еуропа Одағының Экономикалық форумы Өзбекстанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар