Бүгін үш қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
«2024 жылғы 15 маусымда Ақтөбе, Петропавл, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.