05:03, 02 Мамыр 2025 | GMT +5
Бүгін үш қалада ауа ластанады
АСТАНА.KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

- 2025 жылғы 2 мамырда Өскемен қалаларында, түнде Атырау, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Каспий жағалауында 88 итбалықтың өлексесі табылды.