Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

15 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Kazinform.

Ауа сапасы
Фото: ҚазАқпарат

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, сәрсенбі күні Ақтөбе, Алматы және Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар