Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 23 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

ауа сапасы
Фото: Pexels

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 23 қыркүйек, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Соңғы жаңалықтар