Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 7 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.

ауа сапасы
Фото: Pixabay

Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, бейсенбіде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар