Бүгін үш қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Атырау қаласы
Фото: azh.kz / ЖИ-мен өңделген

– 2026 жылғы 28 қарашада Шымкент, Түркістан, Атырау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, елдің бірнеше өңірінде қыс қаһарына мінеді. Синоптиктер қар, бұрқасын, көктайғақ пен тұман туралы ескертті. Кей жерлерде желдің екпіні 29 м/с-қа дейін жетеді.