Бүгін World Boxing федерациясының президенті сайланады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 23 қарашада Италия астанасы Римде халықаралық бокс конгресі ұйымдастырылды.
Бұл шара әлемдік бокс үшін аса маңызды, себебі күн тәртібінде халықаралық World Boxing федерациясы жұмысының негізгі мәселелерінің бірі — ұйым президентін сайлау тұрды.
Уәкілетті орган 2025 жылдың қазан айында ұсынылған барлық өтінішті қарастырып, тек комиссия бекіткен үміткерлерді сайлауға қатысуға рұқсат берді.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин үміткерлердің бірі ретінде таңдалды.
World Boxing қазіргі президенті Флавио Д’Амбрози конгресті ашқанда Геннадий Головкинге «Президент мырза» деп сәлемдесіп, оған сәттілік тіледі.

Президентті сайлаудан бөлек, бүгін делегаттар вице-президент пен Атқарушы комитеттің екі мүшесін де таңдайды.
Вице-президенттікке кандидаттар:
-
Чайват Чотима (Таиланд)
-
Иштван Ковач (Мажарстан)
-
Райан О’Ши (Канада)
Атқарушы комитетке кандидаттар:
-
Мулуд Бузьян (Франция)
-
Норберт Келлер (Бельгия)
-
Иштван Ковач (Мажарстан)
-
Донатас Мачянскас (Литва)
-
Михаэль Мюллер (Германия)
-
Тацуя Накама (Жапония)
-
Райан О’Ши (Канада)