Бүгін және ертең Астанадағы Бөкейхан-Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толық жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін және ертең Астана қаласындағы Бөкейхан-Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толық жабылатын болды.

Дорога ремонт Жол жөндеу
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаладағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

«Осыған байланысты 31 тамыз — 1 қыркүйек аралығвнда Ә.Бөкейхан-Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылатын болады.

Сонымен қатар, 31 тамыз — 4 қыркүйек аралығында А. Бөкейханов көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады», — делінген ақпаратта.

Жауапты басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қараңыздар», — дейді жергілікті әкімдік өкілдері.

Соңғы жаңалықтар