Бүгін Жапонияда дзюдодан Grand Slam турнирі басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Жапония астанасы Токио қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі басталады. Екі күнге созылатын жарыста еліміздің атынан 11 спортшы бақ сынайды.

Бүгін Жапонияда дзюдодан Grand Slam турнирі басталады
Фото: telegram.org/kazjudoteam

Ел құрамасынан ерлер арасында алты, әйелдерде бес балуан татамиге шығады. Олардың қатарында ерлер құрамасында Дәурен Сүйекенов (60 келі), Шерзад Давлатов (60 келі), Бақытжан Әбдірахманов (73 келі), Жалғас Қайролла (81 келі), Максим Мейірлан (90 келі) және Әділет Сапарғалиев (100 келі) бар. Ал әйелдерде Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі), Назгүл Маратова (78 келі) және Карина Тәкиева (78 келі) сайысқа түседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында озық шықты.

 

Соңғы жаңалықтар