05:00, 10 Сәуір 2025 | GMT +5
Бүгін жеті қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қазақстанның жеті қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

- 2025 жылдың 10 сәуірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Алматы қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.