Бүгінгі валюта бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 - 513 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 508,42 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,48 теңге. Еуро — 580,72
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —508 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 579 сату құны — 583.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 513 теңге, сатып алу құны — 507 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,36 — 6,52 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 10 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,12 теңгеге төмендеп, 508,42 теңге болған.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.