Бүгінгі валюта бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 514 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: pexels.com

Ұлттық банктің 19 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 509,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 570,60.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510,7 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 570, сату құны — 574.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514,5 теңге, сатып алу құны — 508 теңге.

Еуро 568 теңгеден сатып алынып, 575 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,14 — 6,31 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 16 мамыр күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1 теңгеге төмендеп, 509,51 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар