1 мамырдағы валюта бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 – 516 теңгеден саудаланып жатыр.

Валюта айирбошлаш шохобчаларида доллар қанча тенгедан сотилмоқда
Фото: Kazinform/ Pixabay

Ұлттық банктің 1 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,31 теңге. Еуро — 582,07.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 513 теңге. Еуро 582 - 586 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516,6 теңге, сатып алу құны — 510,6 теңге. Еуро 579,5 теңгеден сатып алынып, 586 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,14 - 6,30 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 30 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,15 теңгеге қымбаттап, 512,34 теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар