Бұғы мысықтың тамағын тартып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібірде ерекше оқиға бейнетаспаға түсіп қалды. Облыс елді мекендерінің бірінде бұғы мысықтың тамағын тартып алды.

 Бұғы мысықтың тамағын тартып алды

 Жануар ашық тұрған есік арқылы үйге кіріп, мысық тостағанындағы тамақты жеді.

Бұғының өзінен әлдеқайда мықты екенін түсінген мысық тамағын еш қарсылықсыз берді. Бірақ, бұғыға ұнамаса керек, өзге  дәмді тағамды іздеп кетті ол.