Бухаресте ҚР Уақытша сенімді өкілі Қ.Аман Румынияның Бас прокуроры Л.Кодруца-Ковешпен кездесті

АСТАНА. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат – Қазақстанның уақытша сенімді өкілі Қайрат Аман Румынияның бас прокуроры Лаура Кодруца-Ковешпен кездесіп, екі жақты қарым-қатынас мәселесін талқылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандық дипломат «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы жайлы жан-жақты таныстырды және Бағдарлама ауқымында берік ынтымақтастық орнатудың қажеттігі туралы мәселелерді талқылады. Бұлар - екі елдің құқықтық саладағы ынтымақтастығы, ұйымдасқан қылмыстарды ашу, қылмыстық істерді тергеу және сотта қарау, азаматтық сот істерін қарау жөніндегі заңдылықтарды дамытатын қарым-қатынастар орнату. Румынияның Бас прокуроры Л.Кодруца-Ковеш көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтті және «Еуропаға жол» бағдарламасында көрсетілген салаларда ынтымақтастықты орнатуға қолдау жасауға дайын екендігін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар