Бүкіл мемлекеттік қызмет көрсетулер 2017 жылдың соңына дейін «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясына берілуі тиіс - Елбасы

Мемлекет басшысы «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы құрылатындығын, бұл жаңа құрылымға қазір жұмыс істеп тұрған «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары біріктірілетіндігін еске салып өткен.
«Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің ортақ провайдеріне ғана өтініш береді. Бұл оларды ұсынудың мөлдірлігін қамтамасыз етіп, қажетсіз әкімшілік кедергілерді және сұрау салынатын құжаттар тізімін қысқартады. Қызмет көрсететін мемлекеттік органдар корпорацияға өз өкілеттіктері шеңберінде барынша ықпал жасап, сондай-ақ, бүкіл мемлекеттік қызмет көрсетулердің 2017 жылдың соңына дейін берілуін қамтамасыз етуі тиіс»,- дейді ҚР Президенті.
Елбасының атап өтуінше, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына Үкімет өкілі жаңа Корпорация болып табылатын ортақ Провайдер, сондай-ақ, ҮЕҰ құратын арнаулы қоғамдық кеңес бақылау жасайтын болады.