Бүкіл өркениетті қоғамдастық сияқты Қазақстан азаптауларға және адамдарды қорлаудың басқа да қатал түрлеріне үзілді-кесілді қарсы ? ҚР Мемлекеттік хатшысы

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новакпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу М.Новактың Қазақстанға апталық сапарының қорытындысы бойынша өтті, оның барысында ол тиісті министрліктердің және ведомстволардың басшыларымен кездесті және қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелеріне, мамандандырылған емдеу орындарына және басқаларына инспекциялық сапарлар жасады.- Бүкіл өркениетті қоғамдастық сияқты Қазақстан азаптауларға және адамдарды қорлаудың басқа да қатал түрлеріне үзілді-кесілді қарсы, ? деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік хатшысы кездесуде. ? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің еліміздің БҰҰ-ның азаптауларға қарсы конвенциясына және оның факультативтік хаттамасына қосылу туралы шешімі, еліміздің БҰҰ-ның тиісті құрылымдарымен және халықаралық ұйымдармен осы проблеманы жою жөніндегі белсенді ынтымақтастығы нақ осы мақсаттардан туындап отыр. Біз Азаптауларға қарсы конвенцияны сақтаудың елеулі мәселе екенін жақсы түсінеміз және БҰҰ-ның осы мәселе бойынша арнайы баяндамашысының Қазақстанға сапары және оның қорытындылары бойынша ұсыныстары бұл салада біздің жүргізіп отырған жұмысымызда өте пайдалы болмақ.Өткен жылы Қазақстан Азаптауға қарсы Конвенцияның (өз азаматтарына Азаптауға қарсы комитетке жеке шағым жасау мүмкіндігін бере отырып) 21-ші және 22-баптарына сәйкес мәлімдеме жасағаны және Азаптауға қарсы Конвенцияға Факультативтік хаттаманы (осы арқылы бас бостандығынан айрылған адамдар ұсталатын орындарда тәуелсіз халықаралық және ұлттық органдардың тұрақты болып тұруы көзделеді) ратификациялағаны белгілі. 2008 жылғы қарашада БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінде Азаптауға қарсы Конвенцияны Қазақстанның орындауы туралы екінші кезеңдегі баяндамасы қаралды. Қазіргі уақытта ведомствааралық деңгейде Азаптауға қарсы комитеттің қорытынды ұсыныстарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жүргізілуде. М.Новактың осы жолғы сапары ? осы қадамдардан кейінгі алғашқы сапар және Қазақстанның басшылығы пенитенциарлық жүйенің нысандарына кедергісіз қатынауды қамтамасыз ете отырып, өте үлкен мән беріп отыр.? Мен барлық мемлекеттік органдар тарапынан ынтымақтастықтың тамаша деңгейіне ризашылығымды білдіремін. Менің сапарымның екіжақты мәні бар: азаптау ісінің жай-күйіне объективті бағалау жүргізу мен орын алып отырған проблемаларды шешу және ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарды Қазақстанға ұсыну. Мен осы екі мақсатқа да қол жеткіздім, ? деді кездесуде М.Новак.
Соңғы жаңалықтар