Бүкіләлемдік ойындарда медаль саны жөнінен Қазақстан он төртінші орынға көтерілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каратэ-до шебері Софья Берульцеваның алтын медалінен кейін 2022 жылғы Бүкіләлем ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте он төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, бүгін қазақстандық каратэ-до шебері Софья Берульцева Бүкіләлемді ойындарда 68 келіде финалда испаниялық Мария Торрес Гарсиядан басым түсіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді .
Аталған медальдан кейін ел құрамасы жалпыкомандалық есепте он төртінші орынға көтерілді. Көш басында Колумбия, Украина, Жапония құрамалары келеді.
Ел құрамасы сапында 16 қазақстандық кикбоксинг, садақ ату, муай-тай, джиу-джитсу, спорттық акробатика, брейкинг, каратэ-до секілді спорттың сегіз түрінен жүлдеге таласады.
Әлемнің 110 елінен келген 3500-ден астам атлет 34 спорт түрінен 223 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Бүкәлемдік ойындар 1981 жылдан бастап 4 жылда бір мәрте тұрақты түрде өткізіліп келеді. Айтулы аламан Олимпиада ойындарынан кейінгі жылы жалауын көтереді.
Ол 2001 жылдан бастап Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен ұйымдастырылады.