Бұқтырма өзенінде мұзда жарылыс жасалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында мұз кептелісінің алдын алу жұмыстары жүргізілді.

өзен
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданына қарасты Барлық ауылының маңындағы Бұқтырма өзенінде мұзда жарылыс жасалды. Соның нәтижесінде, 7866 шаршы метр мұз ұсақталды.

- Мұздың ең қалың жерлерінде, өзеннің жіңішке немесе бағытын өзгертуі мүмкін учаскелерінде бірнеше жарылыс жасалды. Құтқарушылар мамандардың мұз үстінде қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті, - делінген ақпартта

Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар наурыз айының басынан бері жүргізіліп келеді. Жалпы, облыс аумағындағы өзендерде 146 726 шаршы метр мұз ұсақталған. 

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар