09:32, 26 Қараша 2024 | GMT +5
Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінің су деңгейі төмендеп келеді.

Кеше сағат 16:50-де Лесная Пристань ауылында мұз кептелген. Соның салдарынан Бұқтырма өзенінде су деңгейі 430 см-ге дейін көтеріліп кетті. Судың қатерлі деңгейі – 530 см.
«Таулардағы температура нөлден төмен деңгейде сақталатындықтан қосымша су ағыны күтілмеді. Расымен де сағат 22.00-де су деңгейі төмендей бастады. 26 қараша күні таңертеңгі жағдай бойынша Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі 381 см құрады», - деп хабарлады Алтай ауданы әкімдігінен.
Еске салсақ, осыған дейін Бұқтырма өзенінде мұз кептелісі салдарынан су деңгейі көтеріліп кеткені хабарланған.