Бұқтырма су қоймасы жыл сайын тартылып келеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы жыл сайын тартылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Ашық көздерден алынған фото

Әлеуметтік желіде Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейінің қатты төмендеп кеткені жайлы фотосуреттер тараған еді.

Осы мәселеге орай Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясынан жауап берді.

«Бұқтырма су қоймасында 2020 жылдан бастап су азайып келеді. Жыл сайын су деңгейі шамамен 10 пайызға төмендеуде. Бұл табиғи құбылыс. Әзірге судың азаюы балық қырылуына әкеліп соғып жатқан жоқ. Бірақ егер су деңгейі осылай төмендей берсе, оның салдары болады», - дейді инспекция басшысының міндетін атқарушы Ернар Мәдиев.

Оның айтуынша, биылғы қыс қарлы болды. Алайда соған қарамастан су қоймасында су деңгейі төмендеп кеткен.



Соңғы жаңалықтар