Бұқтырылған ет шығаратын «Ақжар-Өндіріс» балық консервілерін өндіруді қолға алмақ - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Май ауданында бұқтырылған ет шығаратын «Ақжар-Өндіріс» ЖШС балық консервілерін өндіруді қолға алмақ.
None
None

Бұл туралы серіктестіктің қаржы директоры Гүлзира Қазылова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  - Қазіргі таңда Баянауыл ауданындағы «Болашақ» шаруа қожалығымен әзірге 500 тонна балық сатып алу туралы келісімшарт жасалды. Сонымен қатар өзіміздің Май ауданындағы су қоймасынан аптасына 100 келідей балық жеткізуді көздеп отырмыз. Әлбетте, қосымша жұмыскерлер жұмылдырылады, - дейді Г. Қазылова. Кәсіпкердің айтуынша, соңғы кездері бұқтырылған сиыр етіне деген сұраныс артқан. Мәселен, Ресей мемлекеті 20 мың тонна өнімге тапсырыс берген. Дегенмен көрші елдің бұл сұранысын толығымен өтеу үшін шаруашылықтағы мал басының санын арттыру қажет.

Айта кетерлігі, «Болашақ» ШҚ Павлодар облысында тұщы және шаруашылық су айдындарын қайта бекітуге өтініш берген 10 табиғат қолданушылардың ішінде жоғары нәтиже көрсеткен. Бұған дейін «Ақжар-Өндіріс» ЖШС-не бұқтырылған ет консервісін дестрибютерлік компания арқылы тасымалдау бойынша Америка Құрама Штаттары мен Канада елінен тапсырыс түскен болатын.  

Соңғы жаңалықтар