Бұл - фишингтік шабуыл: Бас прокуратура жүргізушілерге ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде қарқын алып келе жатқан жаңа киберқауіп туралы ескертті.

ГП генеральная прокуратура генпрокуратура
Фото: Бас прокуратура

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «Department of Motor Vehicles» (АҚШ) , «Комсомольская правда» , «Аргументы и Факты» сияқты шетелдік дерккөздерге сәйкес, арам пиғылды адамдар азаматтарға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы жалған қаулыларды  жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі және онда жүргізуші мен оның көлігінің нөмірі туралы деректер және айыппұл төлейтін сілтеме бар. 

Шын мәнінде, бұл - фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңыз ашылып, ол алаяқтарға толық қолжетімді болады, яғни, шоттағы қаражатты ұрлау мүмкіндігі туады. Кейде сілтемеде жеке деректерді ұрлауға арналған вирус болады. Бүгінгі күні шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда да таралу қаупі бар.

- Осы ретте прокуратура әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түсетінін және онда айыппұл төлейтін сілтеме болмайтыны туралы ескертеді. Салынған айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильді қосымшаларына да беріледі. Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді!- делінген хабарламада.

Біздің ұсынысымыз: 

- сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;

- айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеріңіз.

Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген болсаңыз:

- банк картасын шұғыл бұғаттаңыз;

- ықтимал алаяқтық фактісі туралы банкке және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз;

- құрылғыны вирустың бар-жоғына тексеріңіз.

Сақ болыңыз. Жақындарыңызды ескертіңіз. Алаяқтарға мүмкіндік бермеңіз!

Осыған дейін Алматыда полиция алаяқтарды SIM-карталармен қамтамасыз еткен топты ұстағаны туралы жаздық. 

 

Соңғы жаңалықтар