«Бұл Газадағы соғыстың соңы емес...»: Синвардың өліміне әлемнің реакциясы

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Джо Байден ХАМАС жетекшісі Яхья Синвардың көзі жойылғаннан кейін Таяу Шығыстағы қақтығысты саяси реттеуге мүмкіндік туды деген пікір білдірді. Германия мен Франция басшылары Газадағы атысты тоқтатуға шақырды, деп жазады Еuronews.

лидер ХАМАС Яхья Синвар
Фото: Anadolu

АҚШ президенті Джо Байден Израиль әскері ХАМАС жетекшісі Яхья Синварды өлтіргеннен кейін Таяу Шығыстағы қақтығысты саяси реттеу мүмкін екенін айтып, Синвардың бұл мақсатқа жету жолында алынбайтын кедергі болғанын атап өтті.

«Алға жылжи беріңдер, Газадағы атысты тоқтатуға бет аламыз. Бүкіл әлем үшін жағдайды жақсарта алатын бағытқа қарай жүреміз. Бұл соғысты аяқтап, кепілге алынғандарды үйлеріне қайтаратын уақыт келді», - деді Америка президенті.

Германия канцлері Олаф Шольц пен Франция президенті Эммануэль Макрон да тез арада атысты тоқтатуға және ХАМАС тұтқынға алғандарды қайтаруға шақырды.

«Газадағы соғыс аяқталғаннан кейінгі күні Израильге сенімді қауіпсіздік кепілдігі қажет болады. Палестина билігін реформалау керек. Екі мемлекетті шешімге қарай ілгерілету керек», - деді Франция басшысы.

Бұған дейін ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвар Газада өлтірілгенін хабарлаған болатынбыз.

Артынша «Хезболла» ХАМАС жетекшісі өлтірілгеннен кейін Израильмен соғысты күшейтетінін мәлімдеді.