Бұл күні ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалдарбек Найманбаев дүниеге келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - 77 жыл бұрын (1939-2004) жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері НАЙМАНБАЕВ Қалдарбек дүниеге келді.
None
None

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1960-1970 жылдары қазіргі «Жас Алаш» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
1970-1976 жылдары - «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы. 1976-1984 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы.
1986-1987 жылдары - Республикалық авторлар құқығын қорғау агенттігінің директоры.
1987-1988 жылдары - «Ара-Шмель» журналының бас редакторы.
1988-1991 жылдары - «Жазушы» баспасының директоры.
1991-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.
1992 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары болған.
Ол Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары ретінде шетелдегі қазақтардың тыныс-тіршілігіне қатысты проблемаларды республиканың басшы билік органдарына жеткізіп, олардың ойдағыдай шешілуіне ат салысты.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Қаламгердің «Даңқ тұғырында», «Қоштасқым келмейді», «Бастау», «Сол бір түн», «Үміт өткелі», «Беймаза қонақ», «Аптап», «Шілде», «Көктөбе», тағы басқа кітаптары жарық көрген.

Соңғы жаңалықтар