Бұл сын екенін түсіну керек – сарапшы Президент сұхбаты туралы

Бұл сын екенін түсіну керек – сарапшы Президент сұхбаты туралы
Фото: facebook.com / adaniyar

Мемлекет басшысы екі жылдағы жұмыстың қорытындысы туралы сұхбат беріп, елде болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларға жан-жақты пікір білдірді. Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың айтуынша, Президент біраз сын айтты. Бұл туралы сарапшы Kazinform тілшісіне эксклюзив сұхбатында толығырақ айтып берді. 

Сыртқы саясаттан бастайық...

Данияр Әшімбаев Президент, әдетте, стратегиялық әріптестері туралы сөз қозғайтынын атап өтті.

Бұл жолы ең жақын орналасқан екі алып держава Ресей мен Қытайға негізгі екпін түсірілді, біз олармен стратегиялық әріптестік қана емес, тату көршілік қарым-қатынас орнаттық. Бір қызығы, Президент Батысты да, Оңтүстікті де атаған жоқ. Әрине, кем дегенде бір сөйлеммен атап өтуге болатын еді. Бұл Қазақстанның ынтымақтастықта басымдық беретін екі негізгі державаны айқындағанын көрсетеді, – деді Данияр Әшімбаев.

Оның айтуынша, бұл көпвекторлық саясатынан бас тарту емес.

Дегенмен, қазіргі жағдайда Президент көпвекторлықты біршама нақтылап, екі негізгі бағытты көрсетті. Сондай-ақ, сұхбатта Батыс елдері туралы бірде-бір сөз болған жоқ. Бұл өте қызық. Қазақстанның өзге жұрттың күн тәртібіне жалтақтамай, бірінші кезекте геосаяси емес, тараптарға тиімді мүдделерді негізге ала отырып, жұмыс істеп жатқанын көрсетеді, – деді саясаттанушы.

Мұның сын екенін түсіну керек

Ішкі саясатқа қатысты: өте маңызды блок. Бұл, ең алдымен, Президент соңғы екі жыл бойы айтып келе жатқан еңбекқорлық, мәдениет, білімпаздық құндылықтары жайлы. Міне, Мемлекет басшысы біздің қоғамда дәл осындай әлеуметтік жаңғыру үдерісін және осындай тұлға бейнесін көргісі келеді, – деді сарапшы.

Оның айтуынша, Президент парасатты түрде жеткізгеніне қарамастан, бұл билік әрқашан стратегиялық серіктес ретінде арқа сүйейтін еліміздің зиялы қауымына өткір сын болғанын түсіну керек.

Президент сұхбатында өзін «ұлттың қаймағымыз» деп санайтын кейбір зиялы қауым өкілдері әлеуметтік жаңғыру мен жаңа құндылықтарды түсіну деңгейіне көтеріле алмағанын айтты. Мемлекет басшысы осы құндылықтар қоғамда қалай талқыланып, насихатталып жатқан деңгейіне аса риза емес сияқты. Оны түсінуге болады, – деді Данияр Әшімбаев.

Оның айтуынша, бұл ескерту болды – не «классиктер» есін жыяды, не мемлекет оларға назар аудармай, жастармен жұмыс істейді,

Президент қаңтар оқиғасына жан-жақты баға берді

Бұған дейінгі айтқандарына көз жүгіртсек, Президент негізгі себеп ретінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді атап келді. Ал, осы сұхбатында тоқырауды тілге тиек етті. Сонымен қатар, оқиға хронологиясын бүлікшілер тобымен байланыстырып, бірінші және екінші президенттер арасында қайшылық орнатып, қосарланған билік бар деп көрсетуге тырысқан адамдар туралы айтылды. Бұған дейін Президент былай толыққанды ашып айтпаған еді, – деді спикер.

Оның айтуынша, Президент 2021 жылдың аяғы мен 2022 жылдың басына қарай билік транзитіне қатысты орнаған жағдай қаңтар оқиғасына негіз болғанын ашық айтты.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев оның саясатына қатысты сынға да жауап береді.

Белгілі бір ортаның тарапынан сын тоқтамай отыр. Конституциялық реформа, адам құқығын қорғау институттарының жетілдірілуі, Конституциялық соттың құрылуы және бір реттік президенттік биліктің енгізілуі секілді соңғы жылдардағы жетістіктер мен құндылықтарды кейбір адамдар байқағысы келмейді. Соңғы екі жылда атқарылған жұмыстарға біржақты баға беру Президентке ұнамайтынын көріп отырмыз. Дегенмен ол сыншыларға сирек жауап береді, – деп атап өтті саясаттанушы.

Оның айтуынша, Президенттің Конституциялық реформа және кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бойынша референдум туралы қауесеттерді тағы да жоққа шығарғаны маңызды болды.

Тоқаев бұл әңгімелерді бірден жоққа шығарды. Шын мәнінде, Президент бір мерзімге сайлану жөніндегі шешімнің стратегиялық екенін және қайта қарауға жатпайтынын тағы бір рет еске салып отыр, – деп атап өтті Әшімбаев.

Атом энергетикасы туралы

Биыл елде атом электр станциясын салуға қатысты референдум болатын секілді. Президент қоғамда ядролық қаруға қарсы пікір қалыптасқанын түсіне отырып, бұл жобаны қолдайды. ...Семей полигонының мәселесі бір бөлек, атом электр станциясын салу басқа мәселе екенін түсіну керек, – деп атап өтті сарапшы.

Дегенмен, оның айтуынша, Қазақстанның бірнеше ондаған жыл бойы ядролық реакторларды апатсыз пайдалану тәжірибесі бар екенін ескеру қажет.

Мысалы, Маңғыстау атом электр комбинатының БН-350 реакторын пайдалануы, Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық пен Алматыдағы Ядролық физика институтындағы ғылыми-зерттеу реакторларының жұмысына жақсы негіз бар. Бұл Қазақстанның өз тәжірибесі, ғылыми-техникалық базасы бар саланың бірі. Ал өткен жылдың соңында біздің ядролық физиктер ұжымы ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықты алды. Ал, атом электр станцияларындағы апаттарға келсек, ондай проблема болған жоқ, – деп атап өтті Данияр Әшімбаев.

Сөз соңында, сарапшы объективті, ашық, сындарлы және кәсіби диалог арқылы қоғамдағы атом электр станциясының құрылысына қатысты көптеген алаңдаушылық артта қалатынын және Президент мәселені талқылауға дайын екенін атап өтті.

Еске салайық, 2024 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне көлемді сұхбат беріп, өткен жылдардағы елдегі атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы стратегиясын бөлісті.

Соңғы жаңалықтар