Бұл Жеңіс бүкіл соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі - Ахметжан Есімов

/strong>Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -"Ұлы Жеңістің тарихи маңызын бағалап, қадір-қасиетін дәріптеп, халқымыздың өшпес ерлігіне құрмет көрсету - біздің нағыз азаматтық парызымыз.
None
None

Бұл бүгінгі тәуелсіз елдің жас ұландарына аманат ететін игілікті дәстүр болуы тиіс. Қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қою кезінде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұл Жеңіс бүкіл соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.Елдің елдігі, ердің ерлігі сынға түскен, Отан үшін от кешкен ауыр күндердің, қаһармандықтың белгісі. Сондықтан да бүгін - ел намысы үшін ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етіп, арамызда жүрген ардагерлерімізге қошемет көрсететін ерекше күн. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында әр 4-ші сарбазын майданға аттандырып, жауынгерлерді барлық керек қару-жарақпен қамтамасыз еткен Қазақстан үшін бұл соғыс қасиетті де қастерлі соғыс болды. Соғыс бізді тек ерлікке ғана үндеп қойған жоқ, ортақ Отан үшін, ел мен жер үшін, тастүйін болып біріге білуге де үйретті", дейді Ахметжан Смағұлұлы. Қала басшысының айтуынша, қасиетті Жеңістің ең басты қозғаушы күші, алтын арқауы біздің ынтымақтастығымыз бен достығымызда, бауырластығымыз бен туысқандығымызда болғандығын біз мәңгілікке түсіндік. Біздің ардагер аталарымыз бен апаларамызды бір ұлы мақсат, бір мүдде біріктірді. Ол Отанға деген шексіз сүйіспеншілік болатын. Олар ерлікті де, еңбекті де Отан үшін деп жасады.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қазақстандықтар Жеңіс күнін аға ұрпақтың отанымызға деген шексіз сүйіспеншілігінің үлгісіндей әрқашан есте тұтады. Тәуелсіз мемлекетіміз үлкен тарихи кезеңдерді бастан өткеріп бүгінгідей гүлденіп, өсіп-өркендеуіне осы ортамызда тұрған ардагерлеріміздің сіңірген еңбегінің өлшеусіз екенін бәріміз де жақсы білеміз", дейді Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар