Бұланды ауданында 1 миллион 767 мың теңгені жымқырған кәсіпкер қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданында мектептерге көмір жеткізіп беруге уәде беріп, бір миллион 767 мың теңгені пайдаланып кеткен кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, аудандағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы Ш.есімді азамат жергілікті білім ошақтарын көмір отынымен қамтамасыз етуге келісімшарт жасап, қызметін мінсіз атқарып келген. Бірақ жақсылықтың арты қылмысқа ұласқанын жасырып қалғысы келген. Кезекті келісімін ауызша уәдемен жасап, жеткізуге міндеттенген мың тонна көмірге 2 миллион 400 мың теңге ақшаны есепшотына аудартып алады да тапсырыс берушілерге 233 тонна көмір жеткізеді. Ал қалған 767 тонна отынның ақы-пұлын өз пайдасына жаратқан. Қазіргі кезде оның үстінен ҚР ҚК-сінің 177-ші бабы 3-ші «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.
Соңғы жаңалықтар