Бұланды ауданында 667 мың 963 теңгені жымқырған пошта қызметкері қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданында «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімше меңгерушісі Ш.есімді азаматшаның 667 мың 963 теңге қоғам қаржысын заңсыз пайдаланып кетпек болғандығы анықталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ауданның Партизанка ауылының тұрғындары пайдаланған қызмет түрлеріне қарыздар болып отырғандығы белгісіз болып келген. Ал өз кезегінде салық және басқа да төлемдерді пошта қызметкері өз қажетіне жаратып отырған. Ауылдастары жөнсіздікті «қарыздарың бар»- деген тілдей қағаз келгенде бірақ аңғарған. Жинақталып қалған борышты қоғам өз есебінен төлеп, тексеріс жүргізгенде бәленің қайдан шыққандығы анықталды. Ал Ақкөл ауданы аумағындағы Степок ауылы тұрғындарының несиелік өтемдері банкке жетпеуіне жергілікті пошта қызметкері кінәлі болған. 73 тұрғынның несиелік қарыздары 300 мың теңгеден айналған. Қазір бұл істер бойынша тергеу амалдары жалғастырылуда.
Соңғы жаңалықтар