09:38, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Бұланды ауданында 68 жастағы қария үйімен бірге өртеніп кетті - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданында жеке меншік тұрғын үйде болған өрттен 68 жастағы қария көз жұмды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Өрт 1 қаңтар күні кешкі уақыт 22:30 минут шамасында Журавлевка аулындағы жеке меншік тұрғын үйде болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 11 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан үй иесі 1948 жылғы А.Шевченконың мәйіті табылды», - делінген хабарламада.