«Бұланды ауданының құрметті азаматы» атағына ие болғандарға қошемет көрсетілді

ЕТАУ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бұланды аудандық мәслихатының шешімімен белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин мен жергілікті «Новобратское и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Василий Судиборға «Бұланды ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп,
None
None

оларға сый-құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есімі «Новое поколение», «ХХІ век», «Central Asia Monitor» газеттерінің ұйымдастырушысы, бас редакторы ретінде танымал Бигелді Қайырдосұлы  Макин қаласында он жылдық білім алып,1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген, 1991 жылы Горький атындағы әдебиет институтын тәмамдаған. «Құрмет» орденінің, «Астананың он жылдығы» медалінің иегері әр жылдарда «Ленинская смена», «Казахстанская правда» газеттерінде қызмет атқарып, бүгінде «Қазақстан» телеарнасының «Сіз бен Біз» телешоуының жүргізушісі ретінде есімі көпке мәлім. Ал Беларус елінің тумасы Василий Судибор 1977 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдап, содан бері «Новобратское» ауыл шаруашылығы құрылымында еңбек етіп келеді. 23 жылдан бері осы шаруашылыққа басшылық жасайды. Омырауындағы «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендері, «Тыңның елу жылдығы», «Астананың он жылдығы» медальдары тынымсыз еңбектің белгісі болып табылады. Бұған дейін ауданның осынау жоғары атағы бірінші болып белгілі қаламгер, ғалым Тұрсынбек Кәкішевке берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар