Бүлдіршіндер #Абай175 челленджін қолдап, ұлы ақынның шығармаларын оқыды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 30 мамырында Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
21 қаңтарда елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шара өткізілді.
Сонымен қатар, былтыр Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы оқушының эстафетасын Президент іліп әкетіп, Абайдың өлеңі мен қара сөзін оқу дәстүрі бүгінде әлемге тарап кеткен еді.
#Абай175 челленджін еліміздегі бүлдіршіндер де қолдап, ұлы ақынның шығармаларын мәнерлеп оқуға атсалысты. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынамыз.
Бексұлтан Есболұлы . 6 жаста.
Айзере Қуатбекова. 6 жаста
Айдос Шәмшат. 2-сынып оқушысы
Жігер Асқарұлы. 6 жаста
Аянат Әскерқызы. 3 жаста
Әлия Қайырғали. 1-сынып оқушысы
Еске сала кетсек, биыл Қазақстанда тұңғыш рет Абай күні аталып өтеді.