«Бурабай» АЭА-да туристік кешеннің құрылысы басталды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту мақсатында  Шортанды  көлі жағасында  жаңа туристік ойын-сауық кешенінің құрылысы  басталды, деп хабарлады pm.kz сайты.
None
None

Шортанды көлі жағалауындағы туристік кешен Бурабай курорты аймағын дамыту жоспарының бір бөлігі. Кешен жобасы отель, мейрамхана,  СПА-орталықтар, яхталар айлағы және басқа да көңіл көтеріп, демалуға арналған құрылғыларды салуды қамтиды. Жүзеге асырылуы  2021 жылға дейін 12 жылға жоспарланған жоба  7 кезеңнен тұрады. Болашақ туристік кешенге су құбырлары, кәріз жүйесі мен электр жүргізіліп те қойылды.

Қазіргі сәтте әлемдік стандарттарға жауап беретін 200 орындық қонақ үйдің құрылысы басталды. Онда стандартты және люкс нөмірлер, 2 мейрамхана, 4 конференц зал, бал-рум қарастырылған.

Естеріңізге сала кетсек, «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы Ақмола облысының Шортанды ауданында орналасқан, көлемі 370 гектар.

АЭА мақсаты - демалуға келген қазақстандық және шетелдік туристердің талаптарын қанағаттандырып, қамтамасыз етуге қабілетті, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым құру. Экономикалық аймақ аумағындағы басымдылығы жоғары қызмет салаларына  туризмнің мәдени-танымдық, сауықтыру, экологиялық, іскер, спорттық  және басқа түрлері жатады.

Соңғы жаңалықтар